Тоқаев француз кәсіпкерлерін Қазақстанда Сауда өкілдігін ашуға шақырды

Президент оларды республика экономикасына инвестиция салуға шақырды

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев француз кәсіпкерлерін Қазақстанда Сауда өкілдігін ашуға шақырды. Мемлекет басшысының айтуынша, республика оның тезірек құрылуына қуанышты болады. Бұл туралы Тоқаев Парижде француз кәсіпкерлеріне айтты, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

«Бұл жұмыстың алғашқы нәтижелері макроэкономикалық деректерден көрініп отыр. Биылғы 10 айда ЖІӨ өсімі 2,5 пайызды құрады. Бұл болжанған нәтижеден жоғары. Қолданыстағы тасымал тізбегінің үзілуіне қарамастан біздің экспортымыз 50 пайызға (63,8 млрд доллар) жуық өсті. 2022 жылдың алғашқы алты айында шетелдік серіктестеріміз біздің экономикамызға шамамен 15 миллиард доллар инвестиция құйды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда шамамен 30 пайызға көп. Алдағы 7 жылда біз 150 миллиард доллар тікелей шетел инвестициясын тартуды жоспарлап отырмыз. Қазақстан инвестиция салу жөнінен Орталық Азиядағы ең тартымды ел болуы үшін инвестициялық саясатымызды үнемі жетілдіріп отырамыз», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Google News сайтында бізге жазылыңыз
Қатысты материалдар