Жапонияда бала туу көрсеткіші төмендеді

Жарияланды
Ел халқының саны соңғы 14 жылдан бері азайып барады

Жапонияда бала туу көрсеткіші төмендеді. Бұл туралы Хабар24 сайты хабарлады.

Бұл жағдайды өзгертпесе, 2060 жылы ел халқы 80 миллионға дейін азаяды, дейді мамандар. Күншығыс елінде қазір 124 миллион тұрғын бар.

Туу көрсеткішінің коэффициенті соңғы бір жылда бес пайызға азайған. Экономикасы дамығанымен, өмір сүру деңгейі қымбат елдердің бірі саналады. Осының салдарынан бұл елдің жастары отбасын құруға асықпайды екен. Үкіметтің жас аналарға төлейтін жәрдемақысы да жағдайды оңалтпай тұр.

Сондай-ақ оқыңыз