Кінәлі адамдар жауапқа тартылады –Смайылов Екібастұздағы ТЖ туралы

Жарияланды

30 қараша күні кешке ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов жұмыс сапарымен бірнеше күн бұрын жылу беру жүйесінде апат орын алған Екібастұз қаласына барды.

«Жағдай дереу бақылауға алынды. Алғашқы күндері апатты жерлерді анықтауда қиындықтар болды, бірақ қазіргі уақытта жөндеу жұмыстары аяқталуға жақын. Бүгін-ертең барлық тұрғын үйлерге жылу беру жұмыстары аяқталады деп отырмыз», — деді Әлихан Смайылов.

Үкімет басшысының айтуынша, жылу желілерінің әбден тозуы, жаңғырту үшін инвестициялардың жетіспеуі, сондай-ақ жылу орталығы басшылығының салғырттығы осындай жағдайға алып келген.

Алдын ала мәліметтерге сәйкес, жылумен жабдықтау желісіне жоғары қысым беріліп, оның кесірінен 15 жерде бір уақытта құбырлар зақымданған. Премьер-Министр қазіргі уақытта тиісті тергеу жүргізіліп жатқанын, оның нәтижелері бойынша барлық кінәлі тұлғалар жауапқа тартылатынын айтты.

Сондай-ақ оқыңыз