260 адам қайыр сұрағаны үшін жауапқа тартылды

Жарияланды
Мазмұнды журналист
Қайыр сұрағандар арасында кәмелетке толмағандар да бар

Жыл басынан бері 260 адам қайыр сұрағаны үшін жауапқа тартылды. Бұл туралы Департамент бастығының бірінші орынбасары Мадияр Айтуғанов айтты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Оның сөзінше, еліміздің әуе және теміржол көлігі нысандарында биылғы жыл басынан бері қоғамдық орындарда адамдардың мазасын алып тиіскені үшін 1652 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды, оның ішінде жеке тасымалдау қызметтерін ұсыну мақсатында тиіскені үшін – 345, заттарды сатып алу, айырбастау бойынша – 627, өзге де қызметтерді ұсынумен – 680.

«Сондай-ақ қайыр сұраумен айналысатын 260 адам анықталып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Барлық жеткізілген тұлғалармен әңгімелесу жүргізіліп, әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету және жұмысқа орналасу үшін ақпараттар жұмыспен қамту орталықтарына берілді. 84 құқық бұзушы қабылдау-тарату орындарына, 51 жасөспірім кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталықтарына орналастырылды», – деді Мадияр Айтуғанов.

Қатысты материалдар