Қазақстанда қарақұмық өндірісі 67%-ға өсті

Жарияланды
Мазмұнды журналист
11 қазақстандық кәсіпорын 30 мың тоннаға жуық қарақұмық шығарды

2022 жылғы қаңтар-қыркүйек аралығында қарақұмық жармасы өндірісінің көлемі өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 66,9% – ға ұлғайды. Бұл туралы АШМ баспасөз қызметі хабарлады.

11 қазақстандық кәсіпорын 30 мың тоннаға жуық қарақұмық шығарды. Бұл ретте аталған жарманың орташа жылдық тұтыну көлемі 29,1 мың тоннаны құрайды. Осылайша, жылға толмайтын уақыт ішінде отандық өндірушілер ішкі нарықты қарақұмықпен толық қамтамасыз ете алды. Қарақұмықтың негізгі өндірушілері Павлодар, Шығыс Қазақстан және Қостанай облыстары болып табылады.

Айта кету керек, қарақұмық импорты биыл 80% – ға төмендеп, 600 тоннаны құрады. Мысал ретінде айтар болсақ, 2021 жылдың қаңтарынан қыркүйегіне дейін елге 3 мың тоннаға жуық қарақұмық жармасы әкелінді.

Сондай-ақ оқыңыз