БҰҰ: әлемдегі мұқтаж адамдарға көмектесу үшін 51,5 млрд доллар керек

Жарияланды

Әлемнің 70-ке жуық еліндегі ең осал 230 миллион адамға көмектесу үшін келесі жылы рекордтық 51,5 миллиард доллар жинау керек. Бұл туралы БҰҰ Бас хатшысының гуманитарлық мәселелер жөніндегі орынбасары және төтенше жағдайлар жөніндегі үйлестірушісі Мартин Гриффитс мәлімдеді.

Жоспарланған қаражат деңгейі – биылғы жылмен салыстырғанда 25 пайызға жоғары.

БҰҰ-ның бағалауы бойынша, әлемде мұқтаж адамдардың жалпы саны 65 миллион адамға өсетінін көрсетеді.

Сондай-ақ оқыңыз