Бір айда дизель отыны – 13,9%-ға қымбаттады

Жарияланды
Мазмұнды журналист
Ал азық-түлік тауарлары 1,8%-ға өсті

Қараша айында айлық инфляция деңгейі қазанмен салыстырғанда 0,2 пайыздық тармаққа төмендеп, 1,4% құрады. Қазанға қарағанда өткен айда азық-түлік тауарлары 1,8%-ға, азық-түлікке жатпайтын тауарлар 1,6%-ға, ал ақылы қызметтер 0,8%-ға қымбаттады. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы хабарлады.

Азық-түлік тауарларының ішінде қияр – 41,5%, қызанақ – 26,1%, жұмыртқа – 6,7%, пияз – 5,9%, күріш – 3,5%, қаймақ – 3,4%, жаңа піскен жеміс – 3%, тұздалған майшабақ – 2,7%, айран – 2,5%, сүт – 2,4%, кондитерлік өнімдер – 1,6%, ірімшік және сүзбе 1,5% қымбаттады. Сәбіз – 2,9%, құмшекер 1,9% арзандады.

2022 жылдың қазанмен салыстырғанда қарашада азық-түлікке жатпайтын тауарлар бағасы 1,6% өсті. Дизель отыны – 13,9%, тас көмір – 2,6%, ағаш отыны 1,6% қымбаттады. Жуу және тазалау құралдарының бағасы 4,1%, жеке пайдаланылатын тауарлардікі – 2,8%, киім және аяқкиім, ыдыс, тоқыма бұйымдары 1,6% өсті.

Ақылы қызметтердің баға деңгейі өткен айда 0,8% өсті. Бағаның өсуі қоғамдық тамақтандыру қызметтеріне 2,7%, монша қызметтеріне – 1,9%, шаштараз бен сұлулық салондары қызметтеріне – 1,8%, денсаулық сақтау, демалыс және спорттық іс-шаралар саласындағы қызметтерге – 1,7%, қонақ үй қызметтеріне 1% құрады.

Инфляция 2022 жылғы қарашада жылдық есептеуде 19,6% құрады. Азық-түлік тауарларының бағасы 24,1%, азық-түлікке жатпайтын тауарлардікі 18,6%, ақылы қызметтердікі 14,1% өсті.

Қараша айында айлық инфляция деңгейі қазанмен салыстырғанда 0,2 пайыздық тармаққа төмендеп, 1,4% құрады. Қазанға қарағанда өткен айда азық-түлік тауарлары 1,8%-ға, азық-түлікке жатпайтын тауарлар 1,6%-ға, ал ақылы қызметтер 0,8%-ға қымбаттады.

Азық-түлік тауарларының ішінде қияр – 41,5%, қызанақ – 26,1%, жұмыртқа – 6,7%, пияз – 5,9%, күріш – 3,5%, қаймақ – 3,4%, жаңа піскен жеміс – 3%, тұздалған майшабақ – 2,7%, айран – 2,5%, сүт – 2,4%, кондитерлік өнімдер – 1,6%, ірімшік және сүзбе 1,5% қымбаттады. Сәбіз – 2,9%, құмшекер 1,9% арзандады.

2022 жылдың қазанмен салыстырғанда қарашада азық-түлікке жатпайтын тауарлар бағасы 1,6% өсті. Дизель отыны – 13,9%, тас көмір – 2,6%, ағаш отыны 1,6% қымбаттады. Жуу және тазалау құралдарының бағасы 4,1%, жеке пайдаланылатын тауарлардікі – 2,8%, киім және аяқкиім, ыдыс, тоқыма бұйымдары 1,6% өсті.

Ақылы қызметтердің баға деңгейі өткен айда 0,8% өсті. Бағаның өсуі қоғамдық тамақтандыру қызметтеріне 2,7%, монша қызметтеріне – 1,9%, шаштараз бен сұлулық салондары қызметтеріне – 1,8%, денсаулық сақтау, демалыс және спорттық іс-шаралар саласындағы қызметтерге – 1,7%, қонақ үй қызметтеріне 1% құрады.

Инфляция 2022 жылғы қарашада жылдық есептеуде 19,6% құрады. Азық-түлік тауарларының бағасы 24,1%, азық-түлікке жатпайтын тауарлардікі 18,6%, ақылы қызметтердікі 14,1% өсті.

Бюро инфляция деңгейін сипаттайтын тұтыну бағалары индексінің көрсеткішін ай сайын есептейді. Бақылаулар қызметтер мен тауарлардың тарифтері және бағалары, барлығы 508 позиция бойынша жүргізіледі. 2018 жылдан бастап қамтылған көрсеткіштері бар Инфляция бойынша динамикалық өзгерістерді арнайы әзірленген интерактивті дашбордтан көруге болады.

*2022 жылғы қаңтардан бастап, тұтыну бағаларының индексін есептегенде азық–түлік тауарларының үлесі – 40,7%, азық-түлікке жатпайтын тауарлар – 30,2%, ақылы қызметтер 29,1% құрады.

Қатысты материалдар