Екібастұз қаласында 41 үйге жылу беріледі

Жарияланды

Бүгін Екібастұз қаласында 41 үйге жылу берілуі тиіс. Жауапты мамандардың айтуынша, нысандар жылу қабылдауға дайын. Қазіргі уақытта жөндеу жұмыстары аяқталуға жақын. Бұл туралы Хабар 24 хабарлады.

«Кешегі түнгі ақпарат бойынша Екібастұздағы 58 көп қабатты үйдің тұрғындары әлі жылусыз. Бұл туралы республикалық комиссияны басқарманың ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр айтқан болады. Десе де, Қазіргі кезде қалада 14 жылыту пункті бар»-деді хабар 24 тілшісі Ақмарал Есімханова.

Сондай-ақ оқыңыз