Жолаушыларды тасымалдау қызметі тағы 16% қымбаттады

Жарияланды
Әуе көлігі жолаушылары саны бір жылда 16%, жолаушылар айналымы 32% өсті

Биылғы қазан айының қорытындысы бойынша ҚР-да әуе жолаушылар көлігі қызметтерінің бағасы бір жылда 16,4% өсті.

Ең көп жылдық баға өсімі Батыс Қазақстан облысында тіркелді: 51,3% қымбаттаған. Одан кейін Шымкент (бір жылда 45% қымбаттады) және Ақтөбе облысы (37,1% қымбаттады). Бағаның ең аз өсуі Жамбыл облысында байқалды: 2,5%.

Еліміздің 20 өңірінің 4-де өткен жылдың қазан айымен салыстырғанда баға төмендеген. Атап айтқанда Ұлытау облысында — 22,5%, Алматыда — 13,4%, Қарағандыда — 11%, Қызылордада — 4,1%.

Биылғы қаңтар–қазан айларында әуе көлігімен 9 млн адам тасымалданды, бұл бір жыл бұрынғыдан 15,8% артық. Ең жоғары көрсеткіш Алматыда тіркелді: 6,1 млн адам, бір жылда 11% көбейген. Одан кейін Шымкент (2,4 млн адам) мен Астана (467,1 мың адам).

Жолаушылар айналымы 16,2 млрд жкм құрады, бұл бір жылмен салыстырғанда 32,3% көп.

Сондай-ақ оқыңыз