Қайтарымсыз несие аламын деген Жаңаөзен тұрғыны ақшасынан айырылды

Жарияланды

Қайтарымсыз несие аламын деген Жаңаөзен тұрғыны ақшасынан айырылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жаңаөзен қаласының тұрғыны қайтарымсыз грант аламын деп алаяқтың арбауына түскен. Жәбірленуші полицияға арызбен жүгінді. Оған келтірілген материалдық шығын 200 мың теңгені құрайды.

Криминалдық полиция қызметкерлерімен 31 жастағы жергілікті тұрғынның жеке басы анықталып, ұсталды.

Сондай-ақ оқыңыз