СҚО-да 50 жылқы мұзға батып өлген

Жарияланды

СҚО Айыртау ауданының полиция бөліміне Әлжан ауылындағы табында 50 жылқының жетіспеушілігі анықталғаны туралы хабарлама келіп түсті. Бұл туралы Қазақстан Республикасы ІІМ баспасөз қызметі хабарлады.

Жылқылар СҚО Айыртау ауданы Әлжан ауылының тұрғындарына тиесілі екені анықталды. Жануарлар 27 қарашада еркін жайылымнан жоғалып кеткен.

Іздеу шаралары барысында жоғалған жылқылар мұздың ішінде қатқан күйінде Барчи көлінен табылды. Алдын ала болжам бойынша, жылқылар бақташы болмаған кезде көлдегі мұз үстімен жүрген. Кейін мұз жарылып, суға батып кеткен.

Аталған факті бойынша Айыртау ауданының полиция бөліміне арыздар келіп түспеді. Қазіргі уақытта полицейлер болған оқиғаның барлық мән-жайын тексеруде, өлген жануарлардың нақты саны анықталып жатыр.

Сондай-ақ оқыңыз