Франция тұрғындары бетперде киюден бас тартуда

Жарияланды
Француздар үкіметтің табанды ұсыныстарына қарамастан қоғамдық көлікте бетперде киюден бас тартуда

Билік халықты Рождество мерекелері қарсаңында қорғаныс шаралары тәртібіне қайта оралуға шақырады.

Тұрғындар бұл жағдайды ескермесе, Францияның Денсаулық сақтау министрлігі шектеу шараларын міндетті түрде орындауды талап етпек.

«Індетке келетін болсақ, француздар пандемия кезіндегі шектеулерден шаршап, коронавируспен өмір сүруді үйренгісі келетін сияқты«,-деді Францияның денсаулық сақтау министрі Франсуа Брон.

Қатысты материалдар