Алматыда жаңа онкологиялық орталық бой көтереді

Жарияланды

Отбасылық-дәрігерлік амбулатория, емхана, жедел жәрдем подстанциясы, аурухана. Медеу ауданында 5 денсаулық сақтау нысаны салынуда. Медициналық инфрақұрылымды дамыту туралы қала әкімі Ерболат Досаев аудан тұрғындарымен кездесуде айтты. Бұл туралы Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Кеңсай шағын ауданында жыл соңына дейін жобалық қуаты күніне 120 келушіге арналған жаңа отбасылық-дәрігерлік амбулаторияны пайдалануға беріледі.

Көлсай мен Сұлусай шағын аудандарында жыл соңына дейін демеушілік қаражат есебінен фельдшерлік-амбулаториялық пункттер ашу жоспарлануда.

Алатау шағын ауданындағы мемлекеттік аурухананың аумағында модульдік компьютерлік томография орталығы салынуда. Нысан жыл соңына дейін пайдалануға беріледі.

№4 және №10 жедел жәрдем подстанцияларының жаңа ғимараттарын салуға жобалау-сметалық құжаттама әзірленуде. Жобалау-сметалық құжаттама 2023 жылдың IV -ші тоқсанында аяқталады.

Думан шағын ауданында бір ауысымда 500 адам қабылдайтын жаңа заманауи емхананы салу жоспарлануда. Қазіргі уақытта жобалау-сметалық құжаттама әзірленуде, аяқталу мерзімі – 2023 жылдың IV тоқсаны.

Қала әкімдігі «Шығыс қақпасы» полиорталығының аумағында онкологиялық орталығы бар 250 төсектік онкологиялық орталық салу бойынша ауқымды жобаны іске асыруды жоспарлады.

Сондай-ақ оқыңыз