Алтай Көлгінов үкіметке барды

Ол ҚР Премьер-министрінің орынбасары болып тағайындалды

Астана қаласының экс-әкімі Алтай Көлгінов ҚР Премьер-министрінің орынбасары болып тағайындалды. Бұл туралы Ақорда сайты хабарлайды.

Алтай Көлгінов Түркістан облысында дүниеге келген, жасы 44-те. Үйленген, үш баласы бар.

Негізгі мамандығы – заңгер, мемлекеттік және жергілікті басқару магистрі. Сондай-ақ «Болашақ» бағдарламасы бойынша Абердин университетінің магистратурасын тәмамдаған. Мамандығы – «халықаралық коммерциялық құқық».

Көлгінов Бас прокуратура, Мемлекеттік қызмет істері агенттігі, Әділет министрлігі, Президент Әкімшілігінде қызмет атқарған.

2013-2016 жылдары Орал қаласының әкімі, кейін үш жыл Батыс Қазақстан облысының әкімі болды, сол жерден елордадаңы қызметіне тағайындалды.

Алтай Көлгінов 2019 жылдың маусымынан 2022 жылдың желтоқсанына дейін Астана әкімі қызметін атқарған. Бір күн бұрын ол қызметінен босатылды. Астананың жаңа әкімі болып Жеңіс Қасымбек тағайындалды.

Google News сайтында бізге жазылыңыз
Қатысты материалдар