Тұрғын үйді сатып алу-сату мәмілелерінің саны 1,6 % азайды

Жарияланды
Мазмұнды журналист
Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы мәлімдеді

2022 жылғы қарашада тұрғын үйді сатып алу-сату бойынша 33 797 мәміле тіркелді, оның 8 мыңы жеке үйлер және 27 797-сі пәтер бойынша жасалды. 2022 жылғы қазанмен салыстырғанда (34 336) мәмілелер саны 1,6%-ға азайды. Келісімдердің үштен бірінен астамы Алматы (7 071) және Астана (5 886) қалаларына тиесілі. Тұрғын үйлерді сату бойынша операциялар саны Ұлытау облысында ең аз болды – 394 мәміле (1,2%). 

Қазан айымен салыстырғанда қараша айында мәмілелердің ең көп өсімі Ұлытау (22,4%), Абай (16,9%) және Жетісу (16,7%) облыстарында тіркелді. Бір айдағы мәмілелердің ең жоғары құлдырауы БҚО (-22,8%), Павлодар (-16,1%) және Атырау (-11,6%) облыстарында болды.

2022 жылғы қазанмен салыстырғанда көппәтерлі үйлердегі тұрғын үй бойынша мәмілелер саны 559-ға азайды, жалпы олар бойынша барлығы 25 797 мәміле жасалды – бұл мәмілелер бойынша жалпы көрсеткіштің 76,3%-ы. Сатылымдағы бөлмелер саны бойынша 1 бөлмелі пәтерлер әлі де көш бастап тұр. Қараша айында олардың 10 368-і ресімделді, мәмілелердің негізгі үлесі (61,6%) Алматы және Астана қалаларына тиесілі, 2 бөлмелі пәтер бойынша 9 032 мәміле жасалды.

   2022 жылғы қазанмен салыстырғанда жеке үйлер бойынша мәмілелер саны болмашы ғана өсіп, 8 мыңды құрады. Жер үйлер бойынша қазанға қарағанда мәмілелер санының ең көп өсуі Абай облысында (+53 мәміле), ең жоғары төмендеуі – БҚО-да (- 50 мәміле) байқалды.

Қатысты материалдар