Теңгемен салымдар бойынша өтемақы алуға өтініштер беру мерзімі аяқталуда

Жарияланды
Қандай салымдар бойынша мемлекеттен сыйлықақы алуға болады?

Теңгемен депозиттерге өтемақы (сыйлықақы) алу үшін салымшылар депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесінің қатысушысы-банкке 2023 жылғы 1 қаңтарға дейін өтініш жолдауға тиіс. Бұл туралы fingramota.kz хабарлады.

ҚДКҚ-ның мәліметтерінше, 2022 жылғы 11 қарашадағы жағдай бойынша 1,8 млн адам өтемақы алуға өтініш берген, бұл салымшылардың салымдары өтелуге жататын азаматтардың жалпы санының 35%-нан аз.

Қазақстанда салымшыларды қолдау мақсатында Жеке тұлғалардың ұлттық валютада орналастырылған депозиттері бойынша өтемақы (сыйақы) төлеу қағидалары (бұдан әрі – Қағида) әзірленді, ол 2022 жылғы 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді.

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіне кері байланыс арналары арқылы келіп түскен өтініштердің мониторингі және талдауы көрсеткендей, екінші деңгейдегі банктердің басым көпшілігі халыққа Қағидалардың талаптары жөнінде ақпараттандыру және түсіндіру бойынша жұмыстың толық көлемде жүргізілмейтінін көрсетті. Кейбір банктердің фронт-офистерінің қызметкерлері азаматтарға консультациялар беру кезінде:

өтемақы алу тәртібіне қатысты толық ақпарат ұсынбайды;
салымшыларға депозиттерді қайта ресімдеуден, оның ішінде неғұрлым тиімді талаптармен ресімдеуден, сондай-ақ өтемақыға өтініштерді қабылдаудан бас тартады;
клиенттердің салымдарының жаңа салым ашумен салыстырғанда көрінеу тиімсіз талаптармен ұзартуды жүзеге асырады және басқалары.

Қандай салымдар бойынша мемлекеттен сыйлықақы алуға болады?

Өтемақыны тек 2022 жылғы 24 ақпанға дейін теңгемен ашылған депозиттер бойынша ғана алуға болады.

Өтемақы мынадай салымдар бойынша төленеді:

жинақ, яғни ақшаны ішінара алу құқығынсыз қайтарып алынбайтын депозит;
мерзімді салым (білім беру жинақтау салымдарын және тұрғын үй құрылыс жинақтарын қоса алғанда). Сыйлықақы тек осы салымдар бойынша және 20 миллион теңгеден аспайтын сомаға төленетін болады.

Бұл ретте, сыйлықақы мыналарға:

талап етілгенге дейінгі салымдарға, яғни банк белгісіз мерзімге ашатын және клиенттің бірінші талабы бойынша қайтарылатын салымдарға;
шартты салымдарға;
ағымдағы банктік шоттарға қолданылмайды.
Депозиттер бойынша өтемақы төлеу жеке тұлғаларға, резиденттерге және бейрезиденттерге, оның ішінде дара кәсіпкерлерге, жеке нотариустарға, жеке сот орындаушыларына, адвокаттарға, кәсіби медиаторларға төленуге тиіс.

Егер салымшының бір банкте бірнеше депозиті болса, онда өтемақы жалпы сомасы 20 млн теңге көлемінде төленеді. Ал егер салымшыда түрлі банктерде депозиттер болса, онда сыйлықақы әрбір салым бойынша ол да
20 млн теңге шегінде төленетін болады.

Салымшылар өздерінің теңгемен салымдары бойынша, егер:

олардың салымдарының мерзімі аяқталмаған немесе 2023 жылғы 23 ақпанға дейін (бір немесе бірнеше рет) ұзартылған;
банктік салым шарты тоқтатылмаған және салымшы өзінің барлық жинақтарын депозиттен толығымен алмаған жағдайларда сыйлықақы алуларына болады.
Өтемақы қалай есептеледі? 

Өтемақы төлеудің негізгі талабы – бұл 2022 жылғы 23 ақпанда операциялық күннің соңында депозитте болған сома және ол жыл бойына өзгеріссіз қалуы керек. Яғни, салымшы депозиттен ақша алмауы керек!

Егер салымшы, айталық, депозиттен қаражаттың бір бөлігін алған болса немесе шотты толықтырса, онда 2022 жылғы 23 ақпаннан бастап 2023 жылғы 23 ақпанды қоса алғанда кезеңдегі депозиттегі ең аз қалдыққа өтемақы төленуге тиіс.

Банктер салымшыларға өтемақы алу мүмкіндігі және өтініш беру арқылы келісім беру қажеттілігі туралы хабарлайды. Өтініш беру тәртібі мен тәсілін банк айқындайды.

Өтініште салымшылар мыналарды көрсетуі керек:

тегі, аты, әкесінің аты (бар болса);
жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН).
Өтініште салымшы:

өтемақы алу үшін;
ПКҚ, ҚОҚ және ҚДКҚ (Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қорына) ақпаратын, оның ішінде банктік және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын ақпаратты ұсынуға;
өтемақы төлеу үшін ПКҚ және ҚДКҚ дербес деректерді жинауға және өңдеуге өзінің келісімін береді.
Қосымша ақпарат алу үшін қайда жүгіну керек? 

Өтемақы төлеу Қағидалары бойынша сұрақтар туындаған жағдайда азаматтар «1477» нөмірі бойынша ҚР Үкіметімен бірлесіп теңгемен салымдарды қорғау бағдарламасын іске асыратын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне жүгіне алады.

Сондай-ақ оқыңыз