18 жасар алаяқ жоқ пәтерлерді жалға берген

Жарияланды
Мазмұнды журналист
Күдіктінің қылмыстық қулығына кем дегенде 5 адам түскен

Алматыда жоқ пәтерлерді жалға берген жігіт ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz сайты.

«Жап-жас болғанына қарамастан Х.есімді азамат «кәсіпкер». Ол интернет арқылы адамдарды алдаған. Ал тізбек былай болды: жөндеуі жақсы, бағасы арзан пәтерді жалға беру туралы сайтқа хабарландырулар орналастырды. Қызығушылық танытқандарға жас жігіт банк картасының деректемелерін жіберіп, алдын ала төлем төлеуді сұрады. Біздің мәлімет бойынша, күдіктінің қылмыстық қулығына кем дегенде 5 адам түскен, олар алаяқтық туралы полицияға ресми түрде арызданғандар. Күдіктінің тұрғылықты жерін тінту кезінде оның қылмыс жасау кезінде пайдаланған байланыс операторларының 45 SIM-картасы тәркіленді», – деді Алмалы аудандық Полиция басқармасы бастығының орынбасары Владимир Решетников.

Сондай-ақ оқыңыз