БҰҰ: 2023 жылы Африкада аш жүргендер саны артады

Жарияланды
Мазмұнды журналист
Бүгіннің өзінде елде 35 млн адам ашаршылық зардабын тартып отыр

2023 жылы Орталық және Батыс Африкада, ашқұрсақ жүргендер саны айтарлықтай өседі. БҰҰ өкілдері осылай дейді. Бұл туралы Хабар 24 сайты хабарлады.

Мамандардың мәлімдеуінше, бүгіннің өзінде мұнда 35 млн адам ашаршылық зардабын тартып отыр. Олардың 20% – бала.

Қазір қымбатшылық қысып тұр. Оның үстіне климаттың өзгерісі де қиыншылық тудырды. Африканы бір жағын, тасқын әлекке салса, бір жағын қуаңшылық жайлаған. Осының салдарынан егін алқаптары зиян шегіп, азық-түлік дағдарысы белең алып барады.

Қатысты материалдар