Смайылов: Елімізде бизнеске қойылған 7 мыңға жуық негізсіз талап жойылады

Жарияланды
Мазмұнды журналист
Биылдан бастап бизнесті реттеудің жаңа тәсілдері енгізіліп жатыр

Бизнеске қойылатын басы артық талаптарды анықтау бойынша ауқымды ревизия жүргізілуде. Бүгінде осындай 7 мыңға жуық талап анықталды, олар жойылады.Бұл туралы ҚР Үкіметінің ресми Telegram-каналы хабарлады.

Мемлекеттік бақылау жүйесін реформалаудың жаңа кезеңі – тәуекелдерді басқару жүйелерін автоматтандыру арқылы тексерулерден бұзушылықтардың алдын алуға ауысу басталды.

«Бұл жұмыс келесі жылы шағын және орта бизнес субъектілерін тексеруге мораторий мерзімі өткеннен кейін аяқталуы тиіс. Қабылданып жатқан шаралар ШОБ-та жұмыспен қамтылғандар санын 4,7 млн-ға дейін арттыруға мүмкіндік береді», — деді Премьер-Министр.

Бәсекелестікті дамыту үшін экономикаға мемлекеттің қатысуын қысқарту жалғасады. Атап айтқанда, Жекешелендіру бойынша кешенді жоспарға қосымша 171 объект енгізілді, халық тұрмысы үшін маңызы зор сумен, электрмен және жылумен жабдықтау салаларындағы 200-ге жуық әлеуметтік маңызы бар объекті алынып тасталды, «ҚазМұнайГаз» халықтық IPO өткізілді.

Сонымен қатар МЖӘ тетіктерін қайта жаңғырту үшін заңнамалық түзетулер әзірленді.

Қатысты материалдар