Тоқаев: Елімізде инфляция соңғы 14 жылда болмаған деңгейге жетті

Жарияланды
Президенттің айтуынша, мұндай ахуал жұрттың табысына және әл-ауқатына кері әсерін тигізіп отыр

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы басталды. Бұл туралы Ақорда баспасөз қызеті хабарлады.

«Бүгін еліміздің биылғы әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштеріне тоқталамыз. Алда тұрған басты міндеттерді айқындаймыз. Қордаланған мәселелер аз емес. 11 айда экономиканың өсімі 4,6 пайыздан 2,7 пайызға дейін төмендеді. Инфляция соңғы 14 жылда болмаған деңгейге жетті. Қазір бұл көрсеткіш – 19,6 пайыз. Мұндай ахуал жұрттың табысына және әл-ауқатына кері әсерін тигізіп отыр»-деді Президент.

Сондай-ақ оқыңыз