Дамушы нарық валюталары теріс динамика көрсетті

Жарияланды
Мазмұнды журналист
Сыртқы валюта нарығында бірқатар маңызды оқиға болды

АҚШ-тағы өндірістік емес саладағы іскерлік белсенділік көрсеткіші саналатын ISM Service индексі 56,5 тармаққа дейін ұлғайды, бұл ФРЖ мөлшерлемелерінің неғұрлым агрессивті көтерілуін және АҚШ долларының нығаюын қолдайды. Канада банкі мөлшерлемені 4,25%-ға дейін (50 б.т.) көтеру туралы шешім қабылдады. Қарашада АҚШ-та өндірушілер бағасының индексі а/а 0,3%-ға өсті, бұл сарапшылардың болжамынан жоғары болды. Аталған факторлар дамушы нарықтарда валюталардың теріс динамикасын құрды.Бұл туралы Ұлттық Банк баспасөз қызметі хабарлады.

Дамушы елдерде АҚШ долларына қатысты валюталар бағамының динамикасы төмендегідей қалыптасты:

  • Оңтүстік Африка ранды ОАР Президентінің импичмент туралы есепке дау айтуға дайындығы туралы хабарлар аясында 0,9%-ға (17,51-ден 17,35-ке дейін) нығайды.
  • түрік лирасы 0,1%-ға (18,64-тен 18,65-ке дейін) біршама әлсіреді. Түркияда инфляция қарашада бір жарым жыл ішінде бірінші рет баяулады – жылдық мәнде 84,4%, өткен айда көрсеткіш 85,5% болды. Түркия ОБ төрағасы Шахап Кавджиоглу бағаның өсуіне ықпал еткен барлық фактор артта қалғанын және қолданыстағы саясат пен бұрын қабылданған шаралар нәтижесінде инфляцияның төмендеуі күтілетінін мәлімдеді;
  • Бразилия реалы елдегі фискалдық орнықтылықтың перспективалары туралы алаңдаушылық аясында 0,6%-ға (5,22-ден 5,25-ке дейін) әлсіреді;
  • Ресей рублі Еуроодақ, G7 және Австралия елдерінің Ресей мұнайына ең жоғары бағаны енгізу және оны барреліне $60 деңгейінде белгілеу туралы шешім қабылдауы аясында 0,7%-ға (62-ден 62,43-ке дейін) әлсіреді;
  • Индонезия рупиясы АҚШ-тың күшті экономикалық деректері мен шетелдік капиталдың әкетілуі аясында 1%-ға (15 426-дан 15 583-ке дейін) әлсіреді;
  • үнді рупиясы шетел капиталының әкетілуі аясында 1,2%-ға (81,32-ден 82,28-ге дейін) әлсіреді;
  • Мексика песосы АҚШ деректерінің шығуы мен капиталдың әкетілуі аясында 1,9%-ға (19,4-тен 19,77-ге дейін) әлсіреді.
Сондай-ақ оқыңыз