Жамбыл облысында борышкерлерден 7 млн теңгеден астам қаржы өндірілді

Жарияланды
Мазмұнды журналист

Жамбыл облысында «Борышкер-2022» жедел алдын алу іс-шарасы өтіп жатыр. Борышкерлерден 7 млн теңгеден астам қаржы өндірілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.сайты.

12-15 желтоқсан аралығында Жамбыл облысында «Борышкер-2022» жедел алдын алу іс-шарасы өткізіліп жатыр. Аталған іс-шараның негізгі мақсаты – салынған әкімшілік айыппұлдар бойынша берешегі бар және мәжбүрлеп іс жүргізу қозғалған адамдарды толық қамту.

Іс-шара аясында облыс жолдарында полиция қызметкерлері, прокуратура қызметкерлері, өңірлік жеке сот орындаушылары палатасы және БАҚ өкілдерімен бірлесіп борышкерлерді анықтау бойынша рейдтер жүргізуде.

«Профилактикалық іс-шараның алғашқы күнінің нәтижелері бойынша өндіріп алынған қаржы көлемі 7 миллион 737 мың теңгені құрады. 437 борышкердің мекенжайын аралау жүзеге асырылды. Сот орындаушыларының қаулыларына сәйкес, мамандандырылған тұраққа 59 борышкердің автокөлігі қойылды», – деді Жамбыл облысының Полиция департаменті Әкімшілік полиция басқармасының бастығы Жайдарбек Құттыбаев.

Әкімшілік айыппұл салынған жағдайда Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 811-бабына сәйкес, азамат жеті тәулік ішінде көрсетілген айыппұл сомасының 50 пайызын төлеуге құқылы. Осы мерзім өткеннен кейін әкімшілік айыппұл толық сомаға салынады. Әкімшілік айыппұл қаулы заңды күшіне енген күннен бастап 30 тәулік ішінде төленуге тиіс. Айыппұлды төлеу қажеттілігі туралы қаулыны ерікті түрде орындау мерзімі өткен жағдайда, мәжбүрлі түрде өндіру үшін әкімшілік материал сот орындаушыларының өңірлік палатасына жіберіледі.

Сондай-ақ оқыңыз