Алматыда цифрлық қызметтерді өз бетінше алатындар саны артқан

Жарияланды
Мазмұнды журналист
Алматы тұрғындары 11 айда - 1 405 966 мемлекеттік қызметті өз бетінше алған

Алматыда азаматтар өзіне-өзі қызмет көрсету секторлары арқылы 2022 жылдың 11 айында – 1 405 966 мемлекеттік қызметті өз бетінше алды. Тұрғындар 2021 жылдың осы кезеңінде 861 841 мемлекеттік қызмет алған.

   «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы Алматы қаласы филиалы бойынша 13 фронт-офис, 4 мамандандырылған ХҚО бөлім, 1 көші-қон бөлімі және 13 бэк-офис жұмыс істейді.

    «Алматы қаласының Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы 2022 жылдың 11 айында 2 600 189 мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның ішінде дәстүрлі форматта 2 585 281, электрондық форматта 14 908 мемлекеттік қызмет көрсетілді. Азаматтар ағымдағы жылдың 11 айында «Connectionpoint» өзіне-өзі қызмет көрсету секторлары арқылы – 1 345 361 мемлекеттік қызметті өз бетінше алды, 2021 жылдың осы кезеңінде 861 841 мемлекеттік қызмет алынған. Бұл дегеніміз, халықтың цифрлық сауаттылығы артып, қызметтерді өз бетінше алатындардың саны артты деген сөз», – дейді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы Алматы қаласы филиалының директоры Абдурасул Кулдашов.

    Әлеуметтік қызметтердің ведомствоаралық есеп айырысу орталығының желісі бойынша, 2022 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша 91714, оның ішінде электрондық форматта 86 396 мемлекеттік қызмет көрсетілді. Барлық сомасы 400 миллиардтан астам (402 417 207 957,01) теңгеге төлемдер жүргізілді.

    Жер кадастры және жылжымайтын мүлікті техникалық тексеру, заңды тұлғаларды тіркеу желісі бойынша,  2022 жылдың 11 айында 398 599 мемлекеттік қызмет көрсетілді. Оның ішінде техникалық тексеру желісі бойынша – 329 009, Жер кадастры бойынша – 24 207 заңды тұлғаларды тіркеу желісі бойынша – 45 383 қызмет көрсетілді.

    Осы саланы тарқатып айтар болсақ, жылжымайтын мүлікті техникалық тексеру желісі бойынша ағымдағы жылдың 11 айында – 329 009 Мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның ішінде ЭҮП арқылы – 147 377 қызмет алынған. Олар:

– құқықтық кадастрға жаңадан құрылған жылжымайтын мүлікке ғимараттардың, құрылыстардың және (немесе) олардың құрамдас бөліктерінің сәйкестендіру және техникалық мәліметтерін енгізу (пайдалануға беру актісі) – 2957, оның ішінде ЭҮП арқылы – 1846.

– жылжымайтын мүлікті техникалық тексеру (техпаспортпен қорытынды беру) – 142 962, оның ішінде ЭҮП арқылы – 4345.

– жылжымайтын мүлікке техникалық паспорттың телнұсқасын беру – 842, оның ішінде ЭҮП арқылы – 293.

   Ағымдағы жылдың 11 айында жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеуге 235 483 өтініш келіп түсті, оның ішінде ХҚО арқылы 90 341, БНАЖ арқылы 145 142 өтініш, сондай-ақ 2 168 телнұсқалар келіп түсті, құқықтық құжаттар мен көшірмелерін беру 2047. Жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) және оның техникалық сипаттамалары туралы анықтама – 47.

Жер кадастры желісі бойынша 2022 жылдың 11 айында 24 207 мемлекеттік қызмет көрсетілді.

Заңды тұлғаларды тіркеу желісі бойынша ағымдағы жылдың 11 айында барлығы 45 383, оның ішінде ЭҮП арқылы – 24 835 мемлекеттік қызмет көрсетілді. Атап айтқанда:

– Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу, олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеу – 830, ЭҮП арқылы – 14 068.

– Заңды тұлғаларды мемлекеттік қайта тіркеу, олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік қайта тіркеу – 10050 қызмет, ЭҮП арқылы – 630 қызмет алынған.

– Заңды тұлғаның қызметін тоқтатуды мемлекеттік тіркеу, филиал мен өкілдікті есептік тіркеуден шығару – 2211, ЭҮП арқылы – 819.

– Жеке кәсіпкерлік субъектісіне жатпайтын заңды тұлғаның, сондай-ақ акционерлік қоғамның құрылтай құжаттарына енгізілген өзгерістерді мемлекеттік тіркеу, олардың филиалдары (өкілдіктері) туралы ережелерді тіркеу бойынша – 196, ЭҮП арқылы – 9318, БНАЖ арқылы – 3746.

      Азаматтарға арналған үкіметтің Алматы қаласындағы фронт-офистері бойынша айтар болсақ, 8 Халыққа қызмет көрсету орталығы, 4 мамандандырылған бөлім (автоХҚО), 1 көші-қон жөніндегі бөлім жұмыс істейді.

Халыққа қызмет көрсету бөлімдері арқылы 2022 жылдың 11 айында 1 515 272 қызмет, эдектрондық үкімет порталы арқылы – 14 540, «Connectionpoint» өзіне-өзі қызмет көрсету секторы арқылы  азаматтар өз бетінше 1 405 491 қызмет алған. 

Қатысты материалдар