Елімізде биыл 333,1 мың сәби дүниеге келді

Жарияланды
Бұл 2021 жылмен салыстырғанда 27%-ға аз

2022 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша еліміздегі халық саны 19 715,2 мың адамды құрады, оның ішінде қалалықтар – 12 169,1 мың (61,7%), ауылдықтар – 7 546,1 мың адам (38,3%). 2022 жыл басымен салыстырғанда халық саны 212 мың адамға немесе 1,1%-ға өсті. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы хабарлады.

Халықтың табиғи қозғалысы

2022 жылғы қаңтар-қазанда республика халқының табиғи өсімі 2021 жылғы қаңтар-қазанмен салыстырғанда (222,3 мың адам) 0,6%-ға кеміп, 221 мың адамды құрады. Табиғи өсімнің жалпы коэффициенті 1000 адамға шаққанда 13,51 адамды құрады.

АХАТ органдары ұсынған азаматтық хал актілерінінің жазбаларындағы мәліметтерді өңдеу нәтижесінде, 2022 жылғы қаңтар-қазанда 333,1 мың сәби дүниеге келді, бұл 2021 жылғы тиісті кезеңге қарағанда 11,4%-ға аз (375,9 мың адам). 1000 адамға шаққандағы жалпы туу коэфициенті  20,37 туылғандарды құрады.

Қарастырылып отырған кезеңде 112,1 мың адам қайтыс болды, бұл 2021 жылғы қаңтар- қазанға қарағанда 27%-ға аз (153,6 мың адам). Өлім-жітімнің жалпы коэффициенті 1000 адамға 6,86 қайтыс болғандарды құрады.

2022 жылғы қаңтар-қазанда республикада 1 жасқа дейін шетінеген 2 684 нәресте тіркелді және 2021 жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда (3 020 шетінеген нәресте) 11,1%-ға кеміді. Нәресте өлім-жітімінің коэффициенті 1000 туғандарға шаққанда 8,06 оқиғаны құрады.

Халықтың көші-қоны

Көші-қон қызметі органдары ұсынған мәліметтерді өңдеу нәтижесінде халықтың көші-қоны 2022 жылғы қаңтар- қазанда елімізге тұрғылықты тұруға келгендердің тіркелу саны 12 926 адамды, елімізден кеткендердің саны 21 875 адамды, көші-қонның айырымы -8 949 адамды құрады.

Еліміздегі негізгі көші-қон алмасуы ТМД мемлекеттерімен өтуде. ТМД елдерінен келгендердің және сол елдерге кеткендердің көшіп-қонушылардың жалпы санынан үлесі тиісінше 85% және 84,4%.

Ел ішінде қоныс аударатын көшіп-қонушылар саны 3,2%-ға өсті. Өңіраралық қоныс аудару бойынша халық көші-қонының оң айырымы еліміздің 3 өңірінде байқалды: Алматы (30 388 адам), Астана (29 086 адам) және Шымкент (2  311 адам) қалаларында.

Сондай-ақ оқыңыз