Еліміздің 13 өңірінде өндіріс көлемінің өсуі тіркелді

Жарияланды
Өнеркәсіптік өндірістің индексі 2022 жылғы қаңтар-қарашада 101,4% құрады

Өндіріс көлемінің өсуі республиканың 13 өңірінде тіркелді, айтарлықтай өсім Жамбыл (10,6%), Ақмола (10,6%), Абай  (9,8%) облыстарында және Алматы қаласында (10,3%) байқалды. Төмендеу Қостанай (5,1% – ға), Түркістан (4,5% – ға), Атырау (2,3% – ға), Жетісу (2,1% – ға), Батыс Қазақстан (1,3% – ға), Қызылорда (1,1% – ға) және Павлодар (0,7% – ға) облыстарында тіркелді. Бұл туралы Ұлттық Статистика бюросы хабарлады.

2022 жылғы қаңтар-қарашада 43850 млрд. теңге өнеркәсіп өнімі өндірілді, оның ішінде тау-кен өндіру өнеркәсібі саласында – 22690 млрд. теңге (жалпы көлемнен 51,7%), өңдеу өнеркәсібінде – 18783 млрд. теңге (42,8%).

2021 жылғы қаңтар-қарашамен салыстырғанда түсті металдар кендері (105,9%), сусындар (110,1%), темекі өнімдері (109,8%), жеңіл өнеркәсіп (106,9%), химия (109,4%) және металлургия өнеркәсібі (103,9%), резеңке және пластмасса бұйымдары (102,9%) өндірісінің өсуі байқалды.

Сондай-ақ оқыңыз