“Талақ” толықметражды тарихи көркем фильмінің түсірілімі аяқталды

Жарияланды
Мазмұнды журналист

«Фильм қазақтың көрнекті жазушысы Бейімбет Майлиннің “Талақ» және «Әже» шығармаларының желісімен түсірілді”,- деп жазады фильм режиссері Данияр Саламат өзінің Facebook парақшасында.

XX ғасырдың 20-30 жылдарын көз алдыңа әкелетін бұл туындыға елді күштеп колхоздастырудың салдары, сол кездегі халықтың тұрмыс мәдениетінің өзекті мәселелері, әйел тағдыры арқау болған.
Фильм ҚР Мәдениет және спорт министірлігінің тапсырысы бойынша «Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы» КЕАҚ қолдауымен түсірілді.

Туындыдағы басты рөлдерді белгілі актер Ерболат Әлқожа және жас актерлар Амира Омарова мен Аяна Бауыржанова сомдайды.

Түсірілім процесі Жетісу облысы, Панфилов ауданындағы Әулиеағаш ауылында өтті. Қазақ киносының қоржыны тағы бір құнды туындымен толығар күн алыс емес.

Қатысты материалдар