Неміс билігі балаларға арналған дәрі-дәрмектің тапшылығына байланысты шара қабылдау керек деп, дабыл қағуда. Бұл туралы балаларды қорғау қауымдастығының президенті Хайнц Хильгерс мәлімдеді.
«Қазір балаларға арналған дәрі-дәрмек пен қызуды басатын дәрілер жеткіліксіз. Федералды үкімет мүмкіндігінше тез әрекет етіп, дәрі-дәрмек сатып алуы керек. Бұл жағдай енді қайталанбауы үшін, шұғыл әрекет ету керек», – деп келтірді Spiegel журналы Хильгерстің сөзін.
Ол сондай-ақ, Германияда ересекге арналған антибиотиктер мен қатерлі ісікке қарсы препараттардың тапшылығы бар екенін айтты.
Spiegel журналы, Германияның денсаулық сақтау министрі Карл Лаутербахтың дәрі-дәрмек тапшылығын жоюға бағытталған заң жобасын енгізу жоспарлап отырғаның атап өтті.