Украинадан 14 тонна астық экспортталды

Жарияланды

«Астық келісімі» аясында Украина кемежайларынан 14 млн тонна астық экспортталды. Кемелер Азия, Еуропа мен Африка елдеріне бидай, жүгері секілді дәнді-дақылдар жеткізген. Бұл туралы Хабар 24 сайты хабарлады.

Тиісті келісім биыл шілденің аяғында бекітілді. Құжатқа сәйкес қарулы қақтығыс салдарынан Украина порттарында жиналып қалған астық әлемнің өзге мемлекеттеріне «қауіпсіз дәліз» арқылы тасымалданады. Келісімге украиналықтармен қатар Ресей тарапы да қол қойды.

Ал уағдаластықтың бұзылмауын Түркия мен БҰҰ-ның өкілдері қадағалайды. Қарашаның соңында мерзімі аяқталған құжат 4 айға ұзартылған.

Сондай-ақ оқыңыз