Биылғы он айда теміржол көлігі 16,3 млн жолаушыны тасымалдады

Жарияланды
Елімізде теміржол көлігі саласындағы тарифтерді қалай ұстап тұрады?

Магистральдық теміржол желілерінің кейбір қызметтері реттелетін қызметке жатады және Табиғи монополияларды реттеу комитетінің (ҚР ҰЭМ ТМРК) бақылауында. Атап айтқанда, комиссияның функцияларына мыналар жатады:
• уақытша төмендету коэффициентін (УТК) бекіту;
• магистральдық теміржол желілерінің (МТЖ) реттеліп көрсетілетін қызметтеріне баға лимиттерін бекіту;
• тарифтерді белгілеу ережелеріне сәйкес магистральдық теміржол желілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне бекітілген баға лимиттерін жыл сайын түзету;
• магистральдық темір жол желісінің операторы кірме жолдарды магистральдық және станциялық жолдарға қосудан бас тартқан жағдайда шағымдарды қарау.

УТК-ге келетін болсақ, бұл тұтынушылар мен субъектінің мүддесін қорғау мақсатында департамент бекіткен және тарифке қолданылатын шама. ҚР ҰЭМ ТМРК ҚР ИИДМ мен Ұлттық инфрақұрылым операторы ұсынған оң қорытындыларды ескере отырып, облысаралық, ауданаралық және қала маңы қатынасында жолаушыларды тасымалдауды жүзеге асыратын тасымалдайтын МТЖ тарифіне УТК көлемін 0,01 (99,99%) мөлшерінде бекітті. Бұл шара бүкіл ел бойынша жолаушылар билеттерінің құны құрылымында МТЖ қызметтерінің құнын төмендетуге мүмкіндік берді.

Әрине, жолаушылардың жол жүру құнына көптеген факторлар әсер етеді, оның ішінде реттелмейтін қызметтердің кең спектрі бар. Дегенмен, кем дегенде, соңғы үш жылда сектордағы жолаушылар билеттері бағасының өсуі инфляция деңгейінен аспады және көп жағдайда айтарлықтай төмен болып шықты. Биылғы қараша айының қорытындысы бойынша теміржол жолаушылар көлігі қызметтеріне бағаның өсуі бір жылда 19,3%-ды құрады, бұл жалпы ҚР-дағы инфляция деңгейімен (19,6%) шамалас. Бір жыл бұрын сектордағы баға өсімі 5,5% (инфляция 8,7%), 2020 жылы 4,9% (инфляция 7,3%) болды.

Қазақстандықтар үшін бұл өте өзекті мәселе, өйткені теміржол көлігімен жолаушылар тасымалы «коронадағдарыстан» кейін тез қалпына келеді. Биылғы он айда теміржол көлігімен жолаушылар тасымалы 16,3 млн жолаушыны құрады, ал өткен жылдың сәйкес кезеңінде 12,3 млн және 2020 жылғы «коронадағдарыс» кезінде бар болғаны 9,4 млн болды.

Сондай-ақ оқыңыз