Дональд Трампқа 4 қылмыстық іс бойынша айып тағылды

Жарияланды
Тиісті шара қолдану үшін ұсыныс Әділет министрлігіне жіберіледі

АҚШ депутаттары Дональд Трампқа 4 қылмыстық іс бойынша айып тақты. Бұл туралы Хабар 24 сайты хабарлады.

Экс-президент 2021 жылы қаңтардың 6-да жақтастарын Капитолийге шабуыл жасауға итермеледі деп кінәлап отыр. Екі жылға жуық тергеу жүргізген депутаттар қылмыстық істі Әділет министрлігіне жолдамақ.

Тиісті шара қолдану үшін ұсыныс Әділет министрлігіне жіберіледі. Бірақ, комитеттің ұсынысы міндетті түрде орындауға жатпайды. Қылмыстық жауапкершілікке тартылуы Әділет министрлігінің шешіміне байланысты болады. Дегенмен, 2024 жылы республикалық партия атынан Президенттік сайлауға дәмелі Дональд Трампты тырп еткізбеудің амалы сияқты. Өйткені, жаңа жылдан бастап Конгрестің Өкілдер палатасы аралық сайлауда жеңіске жеткен республика партиясының бақылауына өтеді. Олар бірінші кезекте бұл тергеу тобын таратып жіберуі мүмкін. 2021 жылы қаңтарда Капитиолийдегі жаппай тәртіпсіздік кезінде 5 адам қаза тапты. 140-тан астам полиция жарақат алды. Трамптың бірнеше жақтасы тәртіпсіздікті ұйымдастырғаны үшін он жылдан аса түрмеге жабылды.

Сондай-ақ оқыңыз