ТікТок арқылы оннан астам адамды алдап соққан күдікті ұсталды

Жарияланды
Күдікті жүргізуші куәлігін рәсімдеймін деген сылтаумен азаматтардың ақшасын иемденген

ТікТок арқылы алматылықтарды алдап соққан күдікті ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Интернет желісіндегі алаяқтық бойынша Қарағанды ​​облысының тумасы ұсталды. Ер адам шаһардың кемінде 12 тұрғынын алдады деген күдікке ілінген.

«ТікТок мобильді қосымшасын пайдалана отырып, күдікті жүргізуші куәлігін рәсімдеймін деген сылтаумен азаматтардың ақшасын иемденгені анықталды. Оның үстіне «қызметінің ақысы» қолма-қол ақша түрінде де, электронды аудару арқылы да болды. Жедел іс-шаралар жүргізілді: күдікті ұсталды. Тергеудің осы кезеңінде оның осыған ұқсас 12 эпизодқа қатысы бар екендігі анықталды. Күдіктіге қатысты ҚР ҚК-нің 190-бабы бойынша қылмыстық іс тіркелді», – деді Алатау аудандық Полиция басқармасының бастығы Талғат Беркінбаев.

Сондай-ақ оқыңыз