Аяулым Еркінқызы: SMM саласын әрбір адам үйренуі қажет

Жарияланды
Сапалы маманға сұраныс жоғары

Қазіргі таңда SMM маманына деген сұраныс жоғары. Әлеуметтік желімен дұрыс жұмыс істей алатын, тәжірибесі бар, жақсы жаза алатын адам SMM менеджер бола алады. Бірақ, әлеуметтік желімен жұмыс істеуді ғана білу жеткіліксіз, бұл салада адамдармен де жақсы қарым–қатынаста бола білген дұрыс. SMM маманы Аяулым Сағындықованың айтуынша, SMMді дұрыс меңгеру үшін, жақсы жаза білу қажет.

– Аяулым, өзіңіз жайлы қысқаша айтып кетсеңіз?

– Мен Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультетін аяқтадым. Мамандығым – журналист. Бірнеше телеарнада қызмет атқардым. Оның ішінде 31-арна, КТК, Алматы телеарналарында жұмыс істедім. Бірнеше сайтта редактор болдым. Ал қазіргі кезде Bugin Holding компаниясының пиар және SMM бөлімінде басшылық қызметте  жұмыс атқарамын.

–  Негізі, SMM маманы деген кім?

– Қазіріг кезде кәсіпкер, әнші, блогер немесе танымал тұлғалар SMM мамандарына жүгінеді. Кейбір жандардың әлеуметтік желіні жүргізетін уақыты болмағандықтан, бұл жұмысты SMM мамандарына тапсырады.  Танымал тұлғалар SMM мамандары арқылы өздерінің әлеуметтік желідегі жұмыстарын халыққа ұсынады. Бір сөзбен айтқанда, SMM мамандары белгілі бір тұлғаның парақшасын немесе кәсібін алға жылжытады. Қазақ тіліне аударсақ, бұл – әлеуметтік желі маркетингі деп аталады. Қазіргі кезде, Instagram арқылы тауар  сату немесе кәсіп жүргізу қарқын алған. Егер де Instagram желісі сауатты жүргізілетін болса, онда бұл парақша жақсы табыс әкелетіні анық.

– SMM маманының қызметі қандай?

– SMM маманының қызметі – әлеуметтік желідегі парақшаларды дұрыс жүргізу. Бұрын бір парақшаны бір SMM маманы суретін салып, астына бір сөз жаза салып жүргізетін еді. Ал қазір мобилография, таргетолог, дизайнер, копирайтер, рилс-мейкер деген мамандар бар. SMM-де маңыздысы, жарнамадағы алғашқы сөйлем, яғни, бұл сөйлем арқылы тұтынушыны қызықтыру қажет. Оқырманға ұнап, оларды қызықтыру қажет.  Кейбір SMM мамандары бұл саланы үйреткен кезде, адамдарды қызықтыру үшін, қолжетімді баға деп жазады. Бұл баға біреуге қолжетімді болса, біреуге қымбат болды. Сол үшін SMM мамандары бұл жерде абай болуы керек. Яғни, SMM дегеніміз – халықтын шамына тимей отырып, өнім сату деп айтар едім.

– SMM маманы болу үшін не істеу қажет?

– SMM маманыны болу үшін оқу керек, теория маңызды. Көп парақша жүргізу арқылы тәжірибие жинау қажет. Көп еңбек керек.

– SMM-ді толыққанды мамандық деп айтуға бола ма?

– Әрине, болады. Себебі, қазір HeadHunter-ді  ашып көрсеңіз, SMM маманың іздеген адамдар мен компания өте көп. Менің жұмыс істейтін Bugin Holding холдингтің құрамында, жеті компания бар. Бұл жеті компанияға жеті түрлі SMM маманы керек. Менің білуімше, журналистика факультетінде блогинг деген сабақ пайда болған. Бұл сабақтың негізі, осы SMM маманындығына алып келеді.

– Бір Instagram парақшасын жүргізу құны қанша?

– Жүргізетін Instagram парақшасы екіге бөлінеді. Яғни, компанияның және эксперттің парақшасы болып. Эксперттің парақшасын жүргізі қиындау және қымбаттырақ болады. Эксперт парақшасын жүргізуге үлкен команда керек. Оның ішінде, мобилограф, дизайнер, копирайтер және рилс–мейкер і болады. Осы топтың басында отыратын менеджері бар. Яғни, бір эксперттің парақшасын жүргізу үшін 4-5 адам қажет. Оның әрқайсына 150 мың теңгеден айлық төленеді. Ал егер де компания болса,  бұл жерде 2-3 адам парақшаны жүргізе алады.

– Журналист бола тұра, SMM мамандығына неге бет бұрдыңыз?

– Негізі журналистика SMM мамандығынан ауылы алыс емес. 31-телеарнада жүрген кезде, менің бастығым жазу қабілетімді байқап, Instagram парақшасын жүргізуді үйретті.  Содан кейін, бір парақшаны жүргізуге берді. Солай SMM мамандығына келдім. Карантин уақытында да көптеген дүкен парақшасын жүргізіп, қаржы тауып отырдым. Сонымен қатар, бұл саланың табысы, журналистикаға қарағанда жақсы болды.

– Бұл саладағы табыс жағын айтып кетсеңіз?

– Иә, бұл салада табыс жақсы. Қазіргі кезде, офлайнға қарағанда онлайн ақша табу жеңілдеу. Менің командамда үйде отырып, ақша тауып отырған қыз-келіншектер өте көп. Мен тапсырма беремін,  олар бір күнде бір проект орындауға 2 сағат бөледі. Бұл сала бойынша айына 200 мыңнан–2 млн теңгеге дейін қаржы табуға болады.

–  Бір адамға SMM мамандығын үйрету үшін қанша қаражат табасыз?

–  Қазіргі таңда, мен адамдарға SMM-ді жеке үйретпеймін. Себебі, әр адамға арнай уақыт бөлу керек. Бірақ, онлайн курсым бар, оның құны 14 900 теңге. Бұл курс SMM мамандығынан ешқандай хабары жоқ немесе орташа деңгейде білетін адамдарға арналған. Қазіргі кезде, көптеген студенттер бұл курсыма қызығушылық танытып, сатып алып, оқып жатыр.

– Осы SMM саласында жүріп, қанша адамға бұл мамандықты үйреттіңіз?

– Осы уақытқа дейін, 20-дан астам адамға SMM саласын үйреттім. Бір-екі ай емес,  бірнеше жыл бойы үйретіп, жұмыс істедім. Қазіргі таңда, олар өздері команда құрып, телеарналарда жұмыс істейді. Жақсы табысқа шықты.

– Құпия болмаса, айлық табысыңыз қанша?

– Бұл құпия болып қалсын. Әр кезде әртүрлі. Бірақ, табыс өте жақсы.

– Қазіргі таңда бұл салаға сұраныс жағы қалай?

– Қазіргі кезде, бұл салаға деген сұраныс өте жоғары. Маған бір аптада бірнеше беделді компаниялардан ұсыныс түседі. Өкінішке орай, мен көп жағдайда қабыл алмаймын. Себебі, уақытым жетпейді.

– Кәсіптің алға дамуы мен тауарға деген сұраныстың артуына SMM маманының үлесі қандай?

– Егер де Instagram парақшасын тәжірибиелі SMM маманы  жүргізетін болса, онда сол сатуға қойылған брендке деген сенім мен сұраныс жақсы болады. Мысалы, бір посттың көмегімен бір компанияға екі күнде 45 млн теңге тауып бердік. Мұндай жағдай өте көп. Instagram деген кәсіптің көзі. Сол кәсіпті дұрыс жүргізу арқылы, қомақты қаражат табуға болады. Сол себепті SMM саласын әрбір адам үйрену керек.

Сондай-ақ оқыңыз