Тәліптер ауған әйелдерінің университетте оқуына тыйым салды

Жарияланды
Оқуға түскендердің арасында мыңдаған әйелдер бар

Қазақстанда тыйым салынған, қазір Ауғанстанды билеп отырған тәліптер елдегі әйелдерге университеттерде оқуға тыйым салды, деп жазады ВВС.

Білім министрлігі мәлімдемесіне сәйкес, әйелдердің университеттерге кіруін шектеу қазірдің өзінде күшіне енген.

Бұл ретте Ауғанстан университеттеріне түсу емтихандары үш ай бұрын өтті. Оқуға түскендердің арасында мыңдаған әйелдер бар. Бұрын әйелдерге оқуға болатын пәндер бойынша-ветеринария, инженерия, экономика және ауыл шаруашылығы оларға толығымен тыйым салынған.

Бұл елдің жаңа билігінің әйелдердің білім алу мүмкіндігін шектеуге жасаған алғашқы әрекеті емес. Өткен жылы тәліптер қыздардың орта мектептерге баруына тыйым салған.

Сондай-ақ оқыңыз