Қырғызстанда 509 мектеп пен 168 балабақша карантинге жабылды

Жарияланды
Карантинге жабылған мектептер онлайн оқытуға көшірілді

Қырғызстанда 509 мектеп пен 168 балабақша карантинге жабылған. Мұндай мәліметтерді Жогорку Кенеш отырысында Білім және ғылым вице-министрі Токтобүбү Ашымбаева айтты.

Ол бұл республика мектептерінің бестен бірі екенін атап өтті. Елде барлығы 2357 білім беру ұйымы бар.

Сонымен қатар, оның айтуынша, 1710 балабақшаның 168-і карантинге жабылған.

Аурулардың алдын алу және мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау департаменті ЖРВИ және тұмау бойынша эпидемиологиялық жағдайға күнделікті мониторинг жүргізеді. Карантин туралы шешім жергілікті деңгейде қабылданады.

Сондай-ақ оқыңыз