Ауғанстанда студенттер наразылыққа шықты

Жарияланды

Ауғанстанда жоғарғы оқу орнының студенттері наразылыққа шықты. Бұл туралы Хабар 24 сайты хабарлады.

Елдің шығысында Джелалабад қаласындағы университет алаңында бір топ студенттер жиналды. Олар тәліптердің қыздардың жоғары білім алуына тыйым салғанына қарсы. Қыздарды қолдап жігіттер де наразылыққа қатысты.

Елдегі Жоғары білім министрлігінің тиісті шешімі бүгіннен бастап күшіне енген болатын. Енді оқу орындарының қызметкерлері бұрымдыларды ғимаратқа кіргізбей қуып жатыр.  

Сондай-ақ оқыңыз