Отбасындағы жанжалдың алдын алу жолдары

Жарияланды
Ерлі–зайыптыларға бірді-екілі кеңес

Үй болған соң ыдыс–аяқ сылдырламай тұрмайды. Ерлі-зайыпты ұрыстың соңын ушықтырмай, дер кезінде бір-біріне түсіністік танытып жатса, кейін өкініш тудырмайтыны рас. Бірақ, отбасылық жанжал кезінде бір–біріне ауыр сөз айтып, артық кетіп жататын жағдайлар да болады. Отбасындағы жанжалды шешу, өте күрделі және көп уақытты қажет етеді. Отбасындағы ұрыс тек ерлі–зайыптыға емес, балаға да кері әсерін тигізеді. Бүгінгі мақалада отбасылық жанжалдың алдын алуға арналған қарапайым  кеңестер ұсынамыз.

1. Ерлі–зайыпты бір–бірін тыңдай білу керек.

Басқаны тыңдай білу қабілеті сөйлеуден де құнды. Мысалы, егер күйеуіңіз жұмыстан шаршап келсе, ал сіз бірден оның жағдайын білмей тұрып, көршілер туралы өсек, балалардың бағынбауы туралы шағымдар, гардеробтағы киімдердің жетіспеушілігі туралы айтқаныңыз дұрыс емес. Бұл жағдайда әйел адам жолдасының да, жұмыстағы  жағдайы мен проблемасын тыңдай білуі керек. Бірақ, бұл жерде әйел адамға да жолдасы міндетті түрде уақыт бөліп, оның көңіл–күйін көтеруге тырысқаны абзал. Отбасы деген– екі тараптан да бір–біріне деген сыйластық пен құрмет көрсету.

 2.Бір–бірініңізге қызығушылық танытыңыз.

Серіктесіңізбен барыңша бақытты қарым–қатынасқа жету үшін, оны мүмкіндігінше жақынырақ білуге ​​тырысыңыз. Мысалы, оның хоббиіне, пікіріне, өзіне де қызығушылық танытыңыз. Оның тек күшті жақтарын біліп қана қоймай, әлсіз жақтарын да біліп, түсінуге тырысыңыз. Серіктесіңіздің пікірін тыңдап, оны түсінетіндігіңізді көрсету өте маңызды.

3.Бір–біріңізді сынамаңыздар.

Көбінесе ерлі–зайыптылар арасындағы кикілжің кезінде бір–бірін сынап жатады.  Бұл дұрыс емес. Өйткені, егер біз басқа біреуді сынасақ, өзіміз де сынға ұшырайтынымыз айдан анық. Егер де сіз өзіңіздің серіктесіңізді мінсіз емес деп ойласаңыз, оны сынға алмас бұрын, өзіңізге мұқият қараңыз. Сол кезде, сізде өз бойыңыздан көптеген кемшіліктер табасыз.

4. Қателіктеріңізді мойындауды үйреніңіз.

Қателіктеріңізді дер кезінде біліп, түзетсеңіз, көптеген жанжалдан аулақ бола аласыз. Өзінің әлсіз жақтарын түсіну және тани білу – өсудің белгісі.

5.Бір–біріңізді мақтап тұрыңыз.

Адамдардың көпшілігі бірдеңені ұнатпайтын кезде әрқашан наразылығын тез арада білдіреді. Дегенмен,  жолдасыңызды мақтап тұру керек екендігін есте ұстаңыз. Мысалы, ері үйге келгенде әйеліне тамақтың дәмді екендігін, оның сұлу болып тұрғаның айтқаны дұрыс.

6. Ұрыспауға тырысыңыз.

Жанжал проблемаларды шешпейді, тек әділетсіздік пен шиеленіс сезімін арттырады. Бұл үндемеу керек дегенді білдірмейді. Сіз өз ойыңызды ұрыспай, байыппен жеткізуге тырысыңыз.

7. Бірінші кешірім сұрауға ұялмаңыз.

 Ақылды болыңыз, кейде қақтығыс жағдайында үндемеңіз, тіпті бұл қиын болса да. Кейде беріліңіз және сүйікті адамыңыз үшін бір нәрсені құрбан етіңіз. Сіздікі  дұрыс болса да, кешірім сұрауды үйреніңіз. Осы арқылы сіз жағдайды реттеп қана қоймай, өзіңіздің қаншалықты күшті екеніңізді және өмірлік серіктесіңіздің алдында құрметке лайық екеніңізді көрсетесіз.

8. Кешірімді бола біліңіз.

Ерлі–зайыптылар бір–бірін кешіре білсе, барлық жамандықты ұмыта алады деген сөз. Бұл отбасылық қарым–қатынаста өте маңызды. Тек белгілі бір жағдайда ғана емес, адамның жасаған барлық істерін кешіре біліңіз.

9. Өткен қателіктерді айтпауға тырысыңыз.

Бір-біріңізді жақсы көріңіздер.Тек шынайы махаббат барлық сынақтардан өтуге көмектеседі.

Отбасылық жанжал кезінде:

– өзіңді бақылау;

– әңгімелесушіге мейірім мен сыйластықпен қарау;;

– өз көзқарасыңызды байсалды және сенімді түрде білдіру;

– конструктивті түрде келісімге келу туралы ойлану маңызды.

Көптеген ерлі–зайыпты арасындағы дау–дамайдың аяғы ажырауға әкеліп соғады. Ал ажырасу балаға қиын соғады. Сондықтан жанжалдың аяғы жаман аяқталмауы үшін дұрыстап ойланған жөн.

Ranking.kz сайтының ақпараты бойынша, 2022 жылдың қаңтар–маусым айларында елімізде 55,1 мың жұп неке қиған. Бұл бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 15,2% аз. Қалаларда некеге тұру саны бір жылда 5%, ауылдардабірден 38,1% қысқарған.

2022 жылдың бірінші жартыжылдығында 9 мың жұп ажырасқан. Ұлттық статистика бюросы былтыр елімізде 48 239 ажырасу тіркелгенін хабарлаған.

Сондай-ақ оқыңыз