Павлодарда 6 жасар бала өртеніп кетті

Жарияланды
Мазмұнды журналист

Қайғылы оқиға облыс орталығындағы жеке меншік үйлердің бірінде болған. 5 бөлмелі пәтер толығымен жанып кетті. Өрт сөндіру кезінде үйден 6 жастағы баланың мүрдесі табылды. Бұл туралы astanatv.kz сайты хабарлады.

«Оқиға орнында сараптама мамандары жұмыс істеуде. Алдын ала болжам бойынша өрт электр сымдарының қысқа тұйықталуынан басталған. ҚР Қылмыстық кодексінің 292-бабына сәйкес өрт қауіпсіздік талаптарын бұзу бойынша іс қозғалып отыр»-деді Павлодар қалалық ТЖ басқарма бастығының орынбасары Галямов Тілекжан.

Сондай-ақ оқыңыз