Қайырымдылыққа ақша аудару бойынша Қазақстан 40-орынға жайғасты

Жарияланды
119 елдің ішінінен

Қазақстанның халықаралық рейтингі де жақсарды. The World Giving Index-тің 2022 жылғы шығарылымында Қазақстан қайырымдылық рейтингінде 14 орын көтеріліп, 119 елдің арасында 54-орыннан 40-орынға жайғасты. Бұл туралы Ranking.kz хабарлады.

Көрсеткіш зерттелетін елдердегі қала тұрғындарына жүргізілген сауалнамалардың нәтижелері бойынша есептеледі және адамдардың ақшалай қайырымдылықтарын, сондай-ақ қайырымдылық көмек көрсетуге тартылған халықтың үлесін ескереді.

Қайырымдылық — қоғамның кемелденуінің маңызды факторы. Әлеуметтік көмек пен халықтың әлжуаз топтарына қайырымдылық көмек көрсету кез келген елдің, соның ішінде Қазақстанның даму деңгейін көрсетеді. Еске салайық, тек ресми деректер бойынша ҚР-дағы кедейшілік деңгейі 5,3% — бұл табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен халықтың үлесі. Шындығында, жағдай бұдан да нашар болуы мүмкін. Осы адамдардың барлығы, сондай-ақ көп балалы отбасылар, ерекше қажеттіліктері бар отбасылар және басқалар топтар мемлекет тарапынан да, әлеуметтік жауапты азаматтар мен кәсіпорындар тарапынан да арнайы қолдау шараларын қажет етеді.

Сондай-ақ оқыңыз