Соғысқа қарамастан: Киевте хайуанаттар бағын пеш жағып жылытуда

Жарияланды
Ұзақ уақыт электр қуатының үзілуіне байланысты

Украинаның көптеген қалаларында төтенше немесе жоспарлы электр қуатының үзілуі жалғасуда.

Киев хайуанаттар бағында да қиын жағдай туындады. Қалада жануарлар бағын жылыту үшін пеш жағуға тура келді.

Соңғы жеті жыл бойы Украинадағы ең ірі хайуанаттар бағын басқарған Кирилл Трантин аязды ауа райында мыңдаған жануарларды жылыту шаралары туралы айтып берді. Бұл туралы Анадолу сайты хабарлады.

Ол елордаға оқ жаудырғандықтан, электр қуатына қатысты күрделі мәселе туындады, суық ауа райында жануарларға жылы жағдай жасау маңызды екенін айтты.

Электр энергиясы ұзақ уақыт үзілген жағдайда жылу жүйелерінде де ақаулар туындайды дейді зообақ директоры.

«Кейбір жануарлар жылусыз өмір сүре алмайды. », – деді Трантин.

Сондай-ақ оқыңыз