Цифрландыру монополияларды бақылауға қалай көмектеседі?

Жарияланды

ҚР-дағы цифрландыру деңгейі әлемдегі орташа деңгейден ғана емес, сонымен қатар көптеген дамыған елдердің көрсеткіштерінен де айтарлықтай жоғары. Биыл Қазақстан БҰҰ мониторингіне енгізілген 193 елдің ішінде электронды үкіметті дамыту бойынша 28-орынға шықты.

Қазақстан ТМД мен Орталық Азия елдерін ғана емес, сонымен қатар Ирландия, Канада, Италия, Бельгия, Чехия және т. б. секілді алдыңғы орындағы мемлекеттерді де айтарлықтай басып озды. Сонымен қатар, азаматтардың электронды қатысу рейтингінде (E-Participation Index, EPI) рейтингінде Қазақстан 15-орынға ие болды, бұл әлемдегі ең күшті көрсеткіштердің бірі.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қызметтерді цифрландырудың маңыздылығына тоқталып, атап айтқанда, елімізде мемлекеттік қызметтердің 90%-дан астамы электронды форматта жүзеге асырылып жатқанын және бұл әлемдегі ең жоғары көрсеткіштердің бірі екенін атап өтті.

ҚР-дағы цифрландырудың жалпы деңгейі монополистермен барынша өзара іс-қимылды электронды форматқа көшіруге мүмкіндік береді. Бұл өз кезегінде саладағы қоғамдық бақылауды күшейтіп, республиканың әрбір азаматы үшін деректерге қолжетімділікті ашады, сонымен қатар қағазбастылықты азайтып, көптеген процедураларды жеңілдетеді.

Ескерту: 2021 жылы ҚР-да интернет пайдаланатын 6 жастан асқан тұрғындардың үлесі қосылған жеріне қарамастан, жалпы халықтың 90,9%-ын құрады. Қалаларда бұл көрсеткіш 92,2%-ға, ауылдарда 88,8%-ға жетті. 2020 жылы интернетке қосылу деңгейі бүкіл республика бойынша 85,9%, қалалықтар бойынша 87,7% және ауылдық жерлерде 83,4% болды.

Сондай-ақ оқыңыз