Иранда 3 адам өлім жазасына кесілді

Жарияланды
Оларға қарулы тонау мен зорлық-зомбылық жасады деген айып тағылды

Иранда қарулы тонау және зорлау үшін сотталған үш адамды өлім жазасына кесті. Бұл туралы Анадолу сайты хабарлады.

Мизан агенттігінің хабарлауынша, өлім жазасы Шираз қаласындағы Адилабад түрмесінде орындалған.

Өлімге кесілгендердің аты-жөні жарияланған жоқ.

Алайда өлім жазасына кесілгендердің 2021 жылдың қазан айында әйелдерге көптеген шабуылдар жасады және қарулы тонау жасады деген айыппен қамауға алынғаны белгілі болды. Оларға қатысты үкім осы жылдың шілде айында шыққан.

Өлім жазасы Иранның Жоғарғы соты бекіткеннен кейін орындалды.

Сондай-ақ оқыңыз