Оралдағы консерві зауытына қатысты сот тағы да жалғасты  

Жарияланды
Екі тарап та мәмілеге келе алмай жатыр

22 желтоқсаннан бастап «Кублей ісіне» қатысты сот ісі  қайта жалғасты –деп хабарлайды Экспресс К. Орал қаласы мамандандырылған экономикалық сотының судьясы Б. Жорабаевтың шығарған шешіміне қанағаттанбаған компания өкілдері сотқа қайта шағымданды. Судья осы жылдың  23 қарашасында әкімдікпен соттасып жатқан «Кублей ісіне» қатысты өндірістік істі тараптардың ымыраға келуі үшін тоқтатып тастаған болатын.

фото сот залынан

«Кублей» ЖШС адвокаты Бақытжан Базарбектің айтуынша,   Орал қаласы мамандандырылған экономикалық сотының судьясы тараптарды ымыраға келуі үшін өндірістік істі тоқтатқаны заңсыз дейді. Яғни соттың шешіміне көңілі толмаған компанияның басшылығы мен қорғаушысы сотқа қайта шағым түсіріп, бүгін алғашқы тыңдалымы өтті.

Сот отырысында судья Айгүл Маштақова тараптардың пікірін тыңдады. Онда сөз алған адвокат Бақытжан Базарбек «Азаматтық іс жүргізу кодексінің талаптары бойынша пікірталастан кейін соттың өндірістік істі тоқтатуға құқығы жоқ. Ол шешім шығаруы қажет»- деп түйіндеді сөзін.

Ал судья Айгүл Маштақова болса, Оралдық әріптесінің қате шешім шығармағанын айтты.  «73 статьяның 7 –бабы бойынша, коллегия бұл шешімді  заң бұзылды деп санамайды. Сот 10 күн   аралығында екі тарап бейбіт жолмен келісімге келуі керек деген шешім шығарған. Егер бұл берілген мерзім ішінде ымыраға келе алмаса, іс қайта жалғасады. Мен бүгін екі тараптың да мәселені бейбіт жолмен шешуге қарсы екеніне көзім жетті. Сот ісі әрі қарай жалғасатын болады», — деді судья Айгүл Маштақова.

Фото;сот залынан

Осыдан екі жыл бұрын басталған “Кублей ісіне» қатысты дау басылатын түрі жоқ. Еске салсақ, Орал  қаласының  әкімдігі санитарлық аумақтан көпқабатты тұрғын үйлерді салуға заңсыз рұқсат берген.  Заң бойынша, «Кублей»өнеркәсібі шоғырланған  аймаққа  үй салуға болмайды.  Өндірістік қалдықтар бәрібір адам денсаулығына қауіпті.  Соның салдарынан «Кублей» кәсіпорны санитарлық құжат ала алмай, зауыт жабылып, 700 адам жұмыссыз қалуы мүмкін.

Сондай-ақ оқыңыз