Қазан айында 106,3 мың бірлік автокөлік құралдары есепке қойылды

Жарияланды

2022 жылғы қазанда есепке 106,3  мың бірлік автокөлік құралы қойылды, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 34,9% артық, оның ішінде жеңіл автомобильдер – 34,7%-ға, жүк автомобильдері – 46,3%-ға артты, автобустар – 9,1%-ға азайды. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы хабарлады.

Мәселен, 2022 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша Қазақстанда тіркелген автокөлік құралдарының саны    4 389,2 мың бірлікті құрады, оның ішінде 87,6%-ы жеңіл автомобильдер, 10,4%-ы жүк автомобильдері және 2%-ы автобустар.

2022 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша республикада жеке тұлғаларының меншігінде 3 634,4  мың жеңіл автокөлік бар. Жеңіл автомобильдердің ең көп үлесі Алматы облысының (472,7 мың бірлік), Алматы қаласының (433,1 мың бірлік) және Шығыс Қазақстан облысының (272,5 мың бірлік) жеке тұлғаларына тиесілі.

20 жыл бұрын шығарылған жеңіл автомобильдер Алматы облысы (318,2 мың бірлік), Алматы қаласы (177 мың бірлік) және Қарағанды облысында (155,7 мың бірлік) басым. Одан жаңалау және шығарылған жылы 3 жылдан аспайтын жеңіл автомобильдер Алматы (43,4  мың бірлік), Астана қалаларының (39,9  мың бірлік) және Қарағанды облысының (16,5 мың бірлік) жеке тұлғаларына тиесілі.

Сондай-ақ оқыңыз