Түркия Талибан шешімін қатты сынға алды

Жарияланды
Ауғанстанда бұл мәселеге байланысты студенттер шеруге шықты

Түркияның Сыртқы істер министрі Мевлют Чавушоғлы Ауған әйелдерінің оқуға түсуіне тыйым салуына байланысты сынға алды Ол «Талибан» қозғалысын «мұсылмандыққа да, адамгершілікке де жатпайды осылай деп айыптады. Бұл туралы Хабар24 сайты хабарлады.

Оның айтуынша, бұл шешімнің күші жойылуы керек. Осыдан үш күн бұрын Ауғанстанның жоғарғы оқу орындары әйелдер үшін жабылған еді. Осыдан кейін Кабулда бірнеше шеру өтті. Жалпы былтыр ғана билікке келген «Талибанның» шешімін тек Түркия емес, әлемнің бірнеше мемлекеті қатаң сынға алды.

Сондай-ақ оқыңыз