Ұлттық Статистика бюросы елімізде жиі кездесетін фамилияларды атады

Жарияланды
Сіздерге ТОП-5 ұсынамыз

Қазақстанда ең көп тараған фамилия – Ахметов(а). Ол 66 091 адамда кездеседі. Рейтингтегі екінші орында Серік — 45 193. Үшінші позицияда — Омаров(а) тегі. Қазақстанда бұл фамилия 40 322 адамда бар. Төртінші орында Оспанов(а) – 36 142.

ТОП 5-те, сондай-ақ Әлиев(а) тегі бар, Қазақстандағы Әлиевтердің саны – 35 387.

Бұдан әрі көп таралғандардың ішінде Ким – 34 811, Сүлейменов(а) – 29 988, Марат – 28 008, Амангелді – 27 297 және Болат – 24 542 фамилиялары бар.

2022 жылдың 1 қарашасындағы Қазақстан халқының саны – 19 715 782 адам.

Сондай-ақ оқыңыз