АҚШ-та қарлы боран 26 адамның өмірін қиды

Жарияланды
Әуе компаниялары қарлы боранға байланысты АҚШ-тан 2500-ге жуық рейсті тоқтатты.

АҚШ-та соңғы күндері қарлы боран мен суық ауа райы салдарынан кем дегенде 26 адам қаза тауып, жүздеген мың адам жарықсыз қалды, деп хабарлайды CNN.

«Кейбір аймақтарда далада бірнеше минут ішінде үсікке әкелуі мүмкін», – делінген ұлттық ауа райы қызметінің хабарламасында.

PowerOutage.us мәліметінше, АҚШ-тың 250 000-ға жуық үйлері мен кәсіпорындары электр қуатынсыз қалды, олардың жартысы Нью-Йорк пен Мэн штатында.

Электрмен жабдықтау компаниялары ауа райының қолайсыздығына және осыған байланысты желілердегі жүктеменің артуына байланысты тұтынушылардан электр, газ және жылуды үнемдеуді сұрайды.

Болжамдарға сәйкес, алдағы аптаның соңында елде жылы ауа райы болады деп күтілуде.

Сондай-ақ оқыңыз