Қазақстандықтар Жаңа жылға қандай сыйлық сатып алады

Жарияланды
Мазмұнды журналист
респонденттердің 85%-ы тірі шыршаға қарағанда жасанды шыршаны жақсы көреді

OLX.kz онлайн-хабарландыру сервисінің талдаушылары дәстүрлі түрде пайдаланушылардың ұсыныстары мен іздестіру сұраулары нарығын бағалады, сондай-ақ жаңа жыл қарсаңында қазақстандықтар арасында сауалнама жүргізді. Ел тұрғындары әлі күнге дейін жасанды шыршаларды таңдайды, оларды тірілерден артық көреді, бұл үрдіс бірнеше жыл қатарынан сақталып келеді. Бұл ретте, қазақстандықтардың 35%-ы мереке күндері шыршаны мүлдем безендірмейді. 38% жаңа жылдық сыйлықтардың бюджетіне 10 000 теңгеге дейін төлеуді жоспарлап отыр, ал халықтың үштен бірінен астамы сыйлықтың ең жақсы нұсқасы тағам өнімдері деп санайды.

Жаңа жылға арналған сыйлықтарға келетін болсақ, сервистің мәліметтері бойынша Электроника санаты көш бастап тұр – ол сыйлық санаттарындағы жарнамалардың жалпы санының 30%-н алады. Бірақ биылғы мереке қарсаңында пайдаланушылардың ең танымал сұраныстары телефондар, планшеттер, playstation, шаңғы костюмдері мен конькилер болды.

Сонымен қатар, сервис деректеріне сәйкес, қазақстандықтар үшінші жыл қатарынан жасанды шыршаларды артық көреді. Жасанды ағашты іздеу саны тірі шыршаны іздеуден 4 есе көп. Бұл ретте тірі шыршаның орташа құны шамамен 19 000 теңгені құрайды (өткен жылмен салыстырғанда баға 10%-ға өсті). Жасанды шырша орташа есеппен 24 000 теңгеге қымбатқа түседі (өткен жылы орташа құны да төмен болды – шамамен 22 000 теңге). Тірі және жасанды шыршалардың ең жоғары бағасы Алматыда, ал ең төмен – Орал мен Қостанайда. Бұл деректер сауалнама нәтижелерін де растайды. Сонымен, респонденттердің 85%-ы тірі шыршаға қарағанда жасанды шыршаны жақсы көреді. Алайда, сауалнамаға қатысқандардың үштен бірінен астамы негізінен шыршаны безендірмейтіні назар аудартады.

Қазақстандықтар жаңа жылдық фотосессиялар мен Аяз атаны жаңа жылдық құттықтау қызметтеріне жиі қызығушылық таныта бастады, сондай-ақ өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда жаңа жылға арналған фотосессиялар бойынша ұсыныстар саны 3 есеге, ал Аяз атаның құттықтаулары тиісінше 30%-ға өсті. Айта кетейік, қазақстандықтардың жартысынан көбі шырша ойыншықтарын ұрпақтан-ұрпаққа сақтап келеді, бірақ респонденттердің 8%-дан астамы қолдан жасалған ойыншықтарды сатып алады.

Қатысты материалдар