Президент әйелдердің зейнет жасына қатысты заңға қол қойды

Жарияланды
Енді әйелдерге арналған зейнет жасы 2028 жылға дейін 61 жас болады

Президент 2028 жылға дейін әйелдердің зейнеткерлік жасын 61 жасқа дейін қалдыруды көздейтін әлеуметтік қамсыздандыру және жастар мәселелері бойынша заңға қол қойды. Бұл туралы Ақорда кз баспасөз қызметі хабарлады.

«Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік жастар саясаты және әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды»-делінген хабарламады.

Сондай-ақ оқыңыз