2023 жылы еліміздің экономикасы 4 пайызға өседі

Жарияланды
Дамудың басым жобалары. 2022-2023

Дағдарыс кезінде Қазақстан экономикасы өсіп келе жатыр. Геосаяси шиеленістерге және жаһандық сілкіністерге қарамастан, Қазақстанның ІЖӨ динамикасы жоғары. Мәселен, 2022 жылдың 11 айында экономиканың өсу қарқыны 2,7%-ды құрады. Қаңтар–қазан айларында сыртқы сауда айналымы 34% өсіп, 111 млрд АҚШ долларын құрады. Экспорт 45%, оның ішінде өңделген тауарлар экспорты 35% өсті. Биылғы қаңтар–қазан айларында негізгі капиталға салынған инвестиция 11,2 трлн теңгеге жетті, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 12,8% көп.

ҚР-ның 2023–2027 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық дамуының болжамына сәйкес, 2022 жылы экономикалық өсім 3%, 2023-2024 жылдары — 4%, 2025 жылы — 4,1%, 2026 жылы — 3,2%, 2027 жылы — 4,2% деп болжанады.

Жалпы, ҚР экономикасының тұрақтылық деңгейін жетекші халықаралық рейтингтік агенттіктер саналатын үлкен үштік — Moody’s, Fitch және Standard & Poor’s оң бағалады, бұл елдің егеменді кредиттік рейтингін инвестициялық сенімді деп растады.

Үкімет пен квазимемлекеттік сектор атынан мемлекет елдің әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсарту үшін барынша шаралар қабылдауда.

Мысалы, 2022 жылы «Самұрық-Қазына» АҚ басым секторлар бойынша 1,3 трлн теңге сомасына 4 жобаны пайдалануға берді. 660-тан астам тұрақты жұмыс орны ашылды. Жобалар мемлекет басшысының жолдауын жүзеге асыру жөніндегі Ұлттық іс-шаралар жоспарына енгізілген.

Сондай-ақ оқыңыз