Финтех дегеніміз не

Жарияланды
Мазмұнды журналист
Алаяқтардың тұзағына қалай түспеуге болады

Соңғы жылдары Қазақстанның қаржы институттары өз процестеріне заманауи технологияларды белсенді енгізуде. Fingramota.kz финтех (FinTech) деген не және оның келуімен қазақстандықтардың өмірі қалай өзгеруде, сондай-ақ алаяқтардан өзін сақтау үшін неге назар аудару қажеттігі туралы айтып береді. Бұл туралы fingramota.kz сайты хабарлады.

Қаржылық технологияларға (FinTech) Big Data, жасанды интеллект, роботтандыру, биометрия және басқалары жатады.

«Үлкен деректер» немесе Big Data

Бұл құрал клиент туралы ең толық ақпаратты жинау, сондай-ақ барлық маңызды факторларды талдау және дұрыс шешім қабылдау, болжамдар жасау және статистика жүргізу үшін жүздеген және мыңдаған дереккөздерін талдау үшін пайдаланылады. «Үлкен деректерге» интернет, оның ішінде әлеуметтік желілер мен блогтар; компаниялардың деректері (транзакциялар, тауарлар мен көрсетілетін қызметтерге тапсырыс беру, таксимен және каршерингпен жүру, клиенттер профильдері), әр түрлі статистика және т.б. сияқты дереккөздері кіреді. Барлық деректі сақтау үшін мықты серверлері бар арнайы дата-орталықтар, сондай-ақ бұлтты сақтау орындары, «деректер көлдері» және Hadoop – таратылған есептеу бағдарламаларын әзірлеуге және орындауға арналған утилиттер жиынтығынан тұратын фреймворк пайдаланылады.

Жасанды интеллект (artificial intelligence)

Бұл – ірі компанияларда, оның ішінде қаржы секторында белсенді түрде қолданылатын тағы бір технология. Бұл – белгілі бір тапсырмаларды орындау үшін адамның жасағаны сияқты іс-әрекет жасай алатын жүйе. Сондай-ақ ол адамның іс-әрекетін зерттеуге және алынған ақпаратты қолдана отырып, біртіндеп үйренуге қабілетті. Мысалы, жасанды интеллектіге жолдардағы бейнебақылау камераларын, көпшіліктің ішінен қылмыскерлерді іздеп табатын метродағы және әуежайлардағы қауіпсіздік жүйелерін жатқызуға болады.

Биометриялық сәйкестендіргіштер (биометрия)

Бұл термин пайдаланушыны биометриялық деректер (саусақ ізі, көздің торлы қабығы, бет бейнесі және т.б.) арқылы тануға мүмкіндік беретін технологияларды біріктіреді. Биометрия рәсімі әдетте үш кезеңде жүзеге асырылады: алдымен электронды-талдамалық құрылғы ұсынылған биометриялық ақпаратты оқиды, содан кейін алынған сигнал өңделеді және соңында дерекқорынан алынған үлгімен салыстыру жасалады. Егер көрсеткіштер сәйкес келсе, онда электронды-талдамалық құрылғы ұсынушыны ресурсты пайдалануға қол жеткізу құқығымен иесі деп таниды.

Сондықтан әрқашан сіздің қауіпсіздігіңіз өзіңіздің қолыңызда екенін ұмытпаңыз және мына киберқауіпсіздік ережелерін ұмытпаңыз:

электрондық кілттеріңізді, құпиясөздеріңізді, банктен смартфонға келетін құпия SMS-, push-хабарламаларыңызды ешқашан ешкімге бермеңіз;
жеке ақпаратқа, электрондық поштаға, онлайн-банкингке және т.б. қол жеткізу үшін ешқашан бірдей құпиясөздерді пайдаланбаңыз;
ешқашан смартфонға немесе ноутбукке/компьютерге бейтаныс қосымшаларды, сондай-ақ алаяқтар әдетте телефон арқылы жүктеп алуды сұрайтын TeamViewer, Anydesk сияқты қосымшаларды жүктемеңіз. Бұл қосымшалар қаскүнемдерге құрылғыларды қашықтан басқаруға мүмкіндік береді.

Сондай-ақ оқыңыз